» » Министр түсіністік танытуға шақырды

Министр түсіністік танытуға шақырды

Министр түсіністік танытуға шақырдыҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев соңғы күндері қызу талқыға түскен тіркеуге байланысты фейсбуктегі парақшасында түсініктеме берді, - деп хабарлайды alashinform.kz.
«Қымбатты достар, соңғы күндері ең көп талқыланған мәселенің бірі азаматтарды міндетті түрде уақытша тіркеу нормасы болғаны белгілі.
Бұл мәселенің қоғамда қызу талқыланып, меморгандар тарапына бірқатар сын айтылуына түсіністікпен қарауға болады. Өкінішке қарай, кейбір қажетті шаралардың дер кезінде атқарылмауы көрініс тапты.
Әрине, Заң қабылданған соң, оның жүзеге асуы шарт. Ендігі жерде басты міндетіміз – азаматтардың тіркеуден өтуіне барынша қолайлы жағдай жасау.
Міне, осы мақсатта біз ХҚКО-лар қызметкерлерінің жұмыс күнін ұзарттық. Бұған қоса, олар азаматтарды демалыс күндерінде де, яғни 7-8 қаңтарда да қабылдады. Әрине, аталған шара еңбек заңнамасы сақтала отырып, жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, операция залдарында көші-қон полициясы қызметкерлеріне арналған жұмыс орындары көбейтіліп, ХҚКО қызметкерлерінің ауысым графигіне өзгертулер енгізілді.
9 қаңтардан бастап азаматтарды жылжымайтын мүлкінің орналасқан орнына қарамастан тіркеу мүмкіндігі қарастырылуда. 
Халық тығыз орналасқан Алматы мен Шымкент қалаларына мобильді ХҚКО-лар жіберілді. Олар әскери бөлімдер мен тұрғын саны көп аудандарды қызметпен қамтамасыз етуде.
Тіркеуге қатысты барлық сұрақтарыңыздың жауабын Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуларыңызға болады. Әрине, әлі де бірқатар мәселелердің бар екені рас, оларды жақын уақытта реттеу көзделуде.
Ең алдымен, шамамен бір ай ішінде «онлайн» режимінде тіркелу мүмкіндігі қолжетімді болмақ.
Сонымен бірге, азаматтардан міндеті түрде 2-форма бойынша (жылжымайтын мүлікке құқық туралы) анықтаманы талап етуді алып тастау жоспарлануда. Бұл тіркелу процесін 2 есеге дейін азайтар еді.
Министрлік ХҚКО-лардың мәліметтер базасына әкімдіктердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді ұсынып отыр. Бұл әкімдікте жәрдемақы рәсімдеуші азаматтардың қажетті анықтамаларды сол жерден алуына мүмкіндік бермек. Осы қадам ХҚКО-лар жүктемесін азайтатыны анық. Сөз соңында, біз азаматтарды қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Ал, Министрлік өз тарапынан мәселелердің реттелуіне күш салатын болады», - деп аяқтайды жазбасын министр. Өкінішке орай, желі пайдаланушылары мұндай түсініктеме емес, қабылданған заңның кемшіліктерін айтып, қарсы пікір білдіруде.

Категория: Медиафакт
Просмотров: 182
Похожие новости:
Азаматтарды тіркеу оңтайлы шешімін таппақ

Азаматтарды тіркеу оңтайлы шешімін таппақ

2017 жылдың алғашқы аптасында ҚР ІІМ Көші-қон полициясы азаматтарды тіркеу тәртібіндегі жаңалықтармен бөлісті. Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған  баспасөз конференциясында  Қазақстан азаматтарын тіркеу тәртібі түсіндірілді, -...
Азаматтарды тіркеу қатаң бақылауға алынады

Азаматтарды тіркеу қатаң бақылауға алынады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрлігі көші-қон полициясы департаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенова халықтың көші-қон мәселелеріне байланысты қолданыстағы заңның кейбір баптарын...
Сот отырысының хатшысы және оның сот жүйесіндегі рөлі

Сот отырысының хатшысы және оның сот жүйесіндегі рөлі

Сот жүйесінде судьямен қатар сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады....
Республика судьялары съездерінде көтерілген мәселелер жүзеге асып келеді

Республика судьялары съездерінде көтерілген мәселелер жүзеге асып келеді

Сот жүйесінің жаһандық үдерісте жаңғырып, алдағы атқарылатын тың жұмыстарын жос­парлайтын республика судьялары съезінің маңыздылығы зор....
Облыстық сотта ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау барысы талқыланды

Облыстық сотта ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау барысы талқыланды

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау» тақырыбында семинар өтті....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Көкейтесті
  • Заң және Құқық