» » Жақсы келін атанғыңыз келсе... Психолог кеңесі

Жақсы келін атанғыңыз келсе... Психолог кеңесі

Жақсы келін атанғыңыз келсе... Психолог кеңесі
Жақсы келін атанғыңыз келсе... Психолог кеңесі
«Жақсы жерге келген келін-келін, жаман жерге келген келін - келісап» демекші келіннің қандай болуы барған жеріне де байланысты. Десе де, өзге шаңыраққа барғанда қыздың көргендігіне, ісіне, ақылына қарап ата-анасы берген тәрбиесі жақсы болса алғыс, жаман болса нәлет айтып жатады. Бірақ, кімде-кім болсын баласын жаман болсын демейтіні шындық. Қыз-өз елінің айнасы. Ендігі отбасыңның намысын құлатпай, ұятқа қалдырмау сол қыздың қолында. anabol.kz психолог Күлмаш Елшібаеваның өмірлік тәжірибеден өткен бірнеше кеңестерін ұсынады.
   Біріншіден, әрбір келін от басына, ата-анаға, отанға, халыққа өзінен үлкенге деген сый-құрметпен, еңбегімен, қоғамға қосқан үлесімен қадірлі екенін жақсы түсінуі керек. Алдымен әйел үй ішіне, ауыл-аймаққа , елге өз қадір-қасиетін көрсете білгені жөн.
    Екіншіден, әйел-ақ босағаның аруы, үлкен шаңырақтың береке құты. Оның мейірбан жүзі, парасат-ақылы, сырбаз мінезі қандай жанды болмасын баурамай қоя алмайды. Жарының тілін таппаған, қадірін білмеген әйелдің бақытты болуы мүмкін емес. Әйел қауымы мұны әрқашан есте сақтағаны дұрыс.
   Ғашық болып қосылған екенсің, жарыңа қалтқысыз беріл, күндіз де, түнде де оның ойынан шық, бос уақытыңды жарыңа жұмса, осы арқылы оның еңбекке құштарлығын арттырып, отбасына қамқорлығын күшейт, халық алдында абыройлы, ардақты азамат атануына себепші бол. Мұндай жұптарды «Аққудай қосағың» дейді қазақ. Жұп аққудың жарастығы, адалдығы барлық халықтардың ортақ аңызына айналуы тегін болмас. Өкпе-назың болса, оны жұбайыңа оңаша айтып, пікірлескенің абзал. Балаларың бір нәрсені білгісі келіп, сұрай қалса, ретіне қарай «Әкеңмен ақылдас, әкеңнен сұра», -деп үйіңнің отағасы- жарыңды сыйлайтыныңды балаларыңа да байқат, үлгі алсын. Үлкенді сыйлау деген ұлы қағида осылай бойға сіңеді, өзіңнен шыққан жауап болса да : «Әкең де солай деді»,-дегенді қоса айтққаннан беделін кеміп қалмайды. Осы арқылы жарыңмен жақындығыңды, оны қадірлейтініңді балаларыңа тағы да бір байқата аласың.
   Ақылды адам қосағын халық алдында «азаматым», «отағасы», «біздің үйдің кісісі» деп атауы керек. «Сіз» деп сыйлағанның өзі арадағы қатынасты жақсартады. Сондықтан да келіндер, отбасының берекесі мен тыныштығын, бақытын ойласақ, ерімізден бір саты төмен болғанның еш әбестігі жоқ.
Осы жоғарыда айтылғандарды санасына түйіп, осы бағытпен жүрген халқымыздың әрбір қаракөз қыздары болашақ келін болғанда атасының иықты, енесінің сүйікті, сол әулетке қадірлі, мәртебесі биік келін болары сөзсіз.

Категория: Жанұя
Просмотров: 452
Похожие новости:
Жерге түкірген 22 жастағы азаматқа 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды

Жерге түкірген 22 жастағы азаматқа 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды

11 қыркүйекте сағат 17:20 шамасында Тұран даңғылындағы «Барыс-Арена» алаңында 1994 жылы туған азамат жерге түкіріп, көпшілік жүретін алаңды ластаған. 22 жастағы азаматтың айтуынша, ҚХЛ чемпионаты аясында өткен «Барыс-Автомобилист» матчы кезінде...
Айналасындағыларға сыйламаушылық білдіргені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

Айналасындағыларға сыйламаушылық білдіргені үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

Сырдария  аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды....
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Сырдария аудандық сотымен ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 1), 2), 3) тармақтарымен  қылмыстық іс...
Әйел құқығы ел назарында

Әйел құқығы ел назарында

«Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді» деп жазушы, қоғам қайраткері Ғабит Мүсірепов айтқандай, ел экономикасын өркендетуде әйелдер қауымының қосар үлесі зор....
Балаларға сақтау мерзімі өткен затты беріп келген

Балаларға сақтау мерзімі өткен затты беріп келген

2015 жылдың наурыз айының 3-і күні шығарылған 2 қорап, 100 гр. «российский» какао порошогының белгіленген жарамдылық мерзімдеріне (қорабында сақтау мерзімі 05.03.2016 жылға дейін деп көрсетілсе де, аталған зат кәсіпорын қоймасында осы уақытқа дейін...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Көкейтесті
  • Заң және Құқық