» » Үлескердің тұрғын үйге қатысты құқығы қорғалды

Үлескердің тұрғын үйге қатысты құқығы қорғалды

Үлескердің тұрғын үйге қатысты құқығы қорғалдыСемей қалалық сотында пәтерді тапсыру келісімшартын бекітуді міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
Талапкер А.Кожатаева «Лейла» СҮ» ЖШС-не қатысты арызданып, 2014 жылдың қыркүйегінде «Триумф» көпфункционалдық тұрғын үй кешенінде орналасқан 2 бөлмелі пәтер құрылысына үлескер болған. Қазіргі таңда «Триумф» тұрғын үйі эксплуатацияға берілген, уәкілетті органда тіркелген, алайда 2014 жылдың қарашасында мердігер оның пәтеріне кіруіне тыйым салған. Пәтерінің кілтін тек 2016 жылдың ақпанында ғана алған. ЖШС жұмысшыларымен кіреберіс есіктің құлпы оның рұқсатынсыз екі мәрте алмастырылған. Құрылыс мекемесі пәтерді тапсыру келісімшартын бекітуден бас тартқандықтан, пәтерге иелік құқығын тіркете алмаған. «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» Заңның 17 бабының 1 тармағына сәйкес, мердігер үлескерге тұрғызылған ғимараттағы оның үлесін келісімшартта көрсетілген мерзімнен кешіктірмей тапсыруға міндетті. Тұрғын үйдегі үлескер үлесі уәкілетті компаниямен қолданысқа берілген тұрғызылған баспананы қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін тапсырылады. Тұрғызылған баспана қолданысқа берілгендіктен қабылдау актісі Әділет органдарында тіркелсе, онда мүлікке иелік құқығын тіркету үшін жауапкердің талапкерге пәтерін тапсырудан бас тартуға еш құқығы болмаған. Сот шешімімен арыз талаптары қанағаттандырылды. Құрылыс мекемесі әділет органдарында тіркеуде мүлікті тапсыру келісімшартын бекіту үшін талапкерге пәтерді тапсыру міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Категория: Тұрғын үй
Просмотров: 441
Похожие новости:
Тұрғын үй кешенінің басшысы пәтерлерді екі реттен сатқан

Тұрғын үй кешенінің басшысы пәтерлерді екі реттен сатқан

Тұрғын үй кешенінің басшысына қатысты қылмыстық іс прокуратураға жолданды. Бұл туралы Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады 24.kz....
Сот отырысының хатшысы және оның сот жүйесіндегі рөлі

Сот отырысының хатшысы және оның сот жүйесіндегі рөлі

Сот жүйесінде судьямен қатар сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады....
Қылмыстық сот 2016 жылдың 1-ші тоқсанын қорытындылады

Қылмыстық сот 2016 жылдың 1-ші тоқсанын қорытындылады

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы және қоғамдық пікір туғызған істер жөнінде БАҚ өкідеріне баспасөз конференциясын өткізді. ...
Қызылорда қалалық сотында сайлау округі комиссиясы шешімінің күшін жою жөнінде арыз қаралды

Қызылорда қалалық сотында сайлау округі комиссиясы шешімінің күшін жою жөнінде арыз қаралды

05.03.2016 жылы Қызылорда қалалық сотының өндірісіне арыз беруші азамат А-ның сайлау округі комиссиясының облыстық маслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркеген 11.02.2016 жылғы шешімінің күшін жойған 02.03.2016 жылғы хаттамалық шешімін заңсыз деп...
Тіл туралы Заңның орындалу барысы тексерілді

Тіл туралы Заңның орындалу барысы тексерілді

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қордай ауданы орталығында Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның орындалу барысын зерделеу, әдістемелік көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылып, ірі сауда орындарында...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Көкейтесті
  • Заң және Құқық