» » Аудандық сотымен көшпелі дәріс сабағы өткізілді

Аудандық сотымен көшпелі дәріс сабағы өткізілді

Районным судом проведена выездная лекцияСырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла Тереңөзек кентінің  әкімшілігінде аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, соттағы соңғы жаңалықтар және құқықтық сауатылық бойынша көшпелі дәріс сабақтарын өткізді.
Дәріс сабағында сот төрағасы А.Абдулла Мемлекет Басшысының 100 нақты қадам-Ұлт Жоспарына тоқталып, соған сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың белгіленген 5 институттық реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын орындау кезеңі 2016 жыл 1-қаңтарынан басталғанын, дамыған отыз елдің қатарына қосылуды іс жүзінде нақты қамтамасыз ету үшін еліміздің ұлттық заңнамасына айтарлықтай өзгерістер енгізілгенін, жаңа заңдар қабылданғанын және де бұл жағдай 2050 стратегиясын орындау жолындағы мемлекетіміздің құқықтық іргетасының берік екендігін білдіретінін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, қабылданған жаңа азаматтық процестік кодекс, бес сатылы сот жүйесі үш сатылы болып жүргізілетінін, сот процестері толықтай аудио-бейне жазба арқылы өткізілетінін, қылмыстық іс пен қылмыстық теріс қылық ұғымын, электрондық арыздар мен сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ететін шараларды атап өтті.
Қорытындылай келе, әкімдіктер жанында медиация кабинеті ашылғандығын, аталған кабинеттердің артықшылығы ретінде азаматтарға дауды шешу және татуласу үшін басқа елді-мекенге бармай-ақ медиаторларға жүгіну мүмкіндігін беретіндігін атап өтті.
      Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі

Категория: Көкейтесті
Просмотров: 567
Похожие новости:
Судья сұхбат берді

Судья сұхбат берді

Сырдария аудандық сотының судьясы Ж.Жолдасов аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісіне «Жаңа редакциядағы ҚР азаматтық процестік кодексіндегі сот медиациясының ерекшеліктері» тақырыбында сұхбат берді,- деп хабарлайды Сырдария аудандық сотының...
Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін анасына айыппұл салынды

Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін анасына айыппұл салынды

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен азаматша М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды....
Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 383-бабының 3-бөлігімен  С-ға  қатысты  әкімшілік  құқық  бұзушылық  іс қаралды....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Көкейтесті
  • Заң және Құқық